Hyundai Nurly Zhol
Астана қ., Нәжімеденов көшесі, 7
14 тамыз
Су жаңа Hyundai PALISADE Қазақстанда!

Hyundai Қазақстанда PALISADE жаңа буынының сатылымы басталғаны туралы жариялады!

Қазақстанда су жаңа Hyundai PALISADE сатылымы басталды. Бұл толық өлшемді SUV-дің екінші буыны бұрынғыдан да көп технологиялармен жабдықталған, кеңірек, сенімдірек және қауіпсіздірек болды. Ол мәртебені, стильді, жайлылықты бағалайтындар үшін, әсіресе белсенді өмір салтын ұнататындар үшін өте қолайлы.

«Жаңа PALISADE - Hyundai автокөліктерінің модельдік желісінің флагманы. Автокөлік жайлылықты, стильді, инновацияларды және қуатты үйлестіреді. PALISADE бүкіл назарды өзіне аудартады және кез келген жолда көлік жүргізуден эмоциялар тудырады. Автокөліктің қазақстандықтарға ұнайтынына және тіпті жоғары стандарт білгірлерінің үмітін ақтайтынына сенімдімін», - деп атап өтті Hyundai Auto Kazakhstan дистрибуциясының басшысы Марат Смағұлов.

img

Флагманның жаңа буыны Prestige, Luxe және арнайы сериялы Calligraphy жиынтықталымдарында қолжетімді. Шанақтың ұсынылатын түстер палитрасы бай - жылтылдаған күміс түстес металликтен зүміретті және қара көк реңктерге дейін 9 түсті таңдауға болады.

PALISADE-тың флагмандық мәртебесі оның «монументалды» келбетін баса көрсетеді. Автокөліктің өлшемдері өте әсерлі. Алдыңғы буынмен салыстырғанда сұлбасы анағұрлым қуатты және көрнекті - ұзындығы 5065 мм-ге дейін, ені 1980 мм-ге дейін және биіктігі 1805 мм-ге дейін ұлғайтылды. Дөңгелек базасы 70 мм-ге ұлғайып, енді 2970 мм болды, бұл жолдағы тұрақтылықты және жүрістің бірқалыптылығын арттырып, салонға қосымша кеңістік қосты.

img

Жаңа дизайнда тік және көлденең сызықтарға баса екпін қойылған, бұл күндізгі жарық шамдарының пішініне айтарлықтай әсер етті. Ауқымды хромдалған радиатор торы сұлбасына айбындылық береді. Жақсартылған аэродинамика профильдің бірқалыптылығын арттырады (кедергі коэффициенті 0,31). Calligraphy сериясындағы дөңгелектердің диаметрі 21 дюймге дейін артты.

Қазақстанда жаңа SUV қуаты 249 а.к. құрайтын Smartstream 2.5T - GDI 2,5 литрлік бензин қозғалтқышымен жабдықталған, оның максималды айналу сәті 422 Нм, ол 8 сатылы автоматты беріліс қорабымен жұптасып жұмыс істейді. Аралас циклде отын шығыны 100 км-ге 10 л құрайды. Жетек - толық (4WD), бұл көлікке жақсартылған өтімділікті, курстық тұрақтылықты, жолмен берік ілінісуді береді, жаңбырлы және қарлы ауа райында нағыз құтқарушыға айналады. Сондай-ақ ұсынылған 4 нұсқадан оңтайлы қозғалыс режимін таңдауға болады: «Авто», «Балшық», «Құм» немесе «Қар». Аспа көліктің жолдағы жайлылығы мен жақсы басқарылушылығын қамтамасыз ететін ұлғайтылған өлшемге бейімделген.

img

Өзінің қомақты габариттерінің есебінен автокөлік өте сыйымды. Отбасымен ұзақ сапарлар мен саяхаттарда бұл айтарлықтай артықшылық. 7 және 8 орынды нұсқалары бар, онда 2-ші қатарда да, 3-ші қатарда да креслоға ыңғайлы жайғасуға болады. Оның үстіне 2-ші қатардағы орындықтардың электр жетегі, желдеткіші және жылытқышы бар. Барлық артқы орындықтар мінсіз тегіс еден болып бүктеледі. Бұл багаж кеңістігін 317 литрден 2098 литрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ көптеген зат тауашалары мен стақан қойғыштар бар.

Су жаңа PALISADE интерьері мұқият ойластырылған. Әрлеуде жаңа түстер мен премиум сапалы материалдар қолданылған. Мысалы, Nappa былғары түстерінің палитрасы кеңейтілді (қара, қоңыр, көк/сұр, тіпті көмірдей қара жаңа реңк ұсынылған), ол креслоларды қаптау үшін қолданылады. Салонда шуды оқшаулау жақсартылған, әсіресе артқы жағында, бұл музыка тыңдау немесе сөйлесу кезінде жайлылықты арттырады.

img

Панорамалық қиғаш дисплейде 12.3 дюймдік аспаптар тақтасы және өлшемі дәл сондай мультимедиялық жүйе орналасқан. HUD 12" проекциялық дисплейі бар, оның көмегімен барлық маңызды ақпаратты жолдан көңілді бөлмей алдыңғы әйнектен көруге болады. Сондай-ақ климатты сенсорлық басқару, дауыстық көмекші, смартфондарға арналған сымсыз зарядтау бар. Әр қатар 100 Вт-қа дейінгі USB-C қосқыштармен жабдықталған.

Жаңа буынды PALISADE, Оңтүстік Кореялық брендтің барлық модельдері сияқты, қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін Hyundai Smart Sense-пен жабдықталған. Опциялар пакетіне мыналар кіреді: бетпе-бет соқтығысудың алдын алу жүйесі (FCA 1,5), «соқыр» аймақтарға шолу жүйесі (BVM), автокөлікті қозғалыс жолағында ұстау көмекшісі (LFA2), смарт-кілт арқылы қашықтан тұраққа қою функциясы (RSPA), бұл әсіресе кеңістік шектеулі болғанда ыңғайлы және жүргізушіге көмек көрсететін басқа да функциялар бар.

img

Жаңартылған автокөлікте KNCAP және IIHS (Top Safety Pick) үздік бағаларын иеленген мінсіз қауіпсіздік жүйесі бар. Бұл тіпті ең қиын жол жағдайында да өзіңізді жайбарақат және сенімді сезінуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жүргізушінің тізесін қорғауды қоса алғанда, жеті қауіпсіздік көпшігі қарастырылған. Соққы болған жағдайда кеудеге ауыртпалық түсірмей жолаушының денесін орындыққа барынша бекітетін кергіштері бар қауіпсіздік белдіктері.

Стильді дизайн, молынан жабдықталу, озық технологиялар, максималды жайлылық пен қауіпсіздік - осының барлығы Hyundai PALISADE флагманын өз класындағы үздіктердің біріне айналдырады. Бұл автокөлік артық сөзсіз биіктікте болуды таңдайтындарға арналған және табысқа жету жолында серік бола алады.

img

Hyundai Қазақстанда су жаңа PALISADE автокөлігін ұсынған сәтте, қазақстандық кино мен театрдың аңызы, халық әртісі Жан Байжанбаев брендтің амбассадоры атанды. Жан сияқты, автокөлік те күш пен қуатты, стиль мен харизманы, талғампаздық пен әр қозғалысқа деген сенімділікті үйлестіреді.

Су жаңа PALISADE автокөлігі Astana Motors компаниясының еншілес кәсіпорны болып табылатын Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында шығарылады. Ол Қазақстанның 22 қаласындағы барлық 34 Hyundai дилерлік орталықтарында сатып алуға қолжетімді. Бағасы 33 890 000 теңгеден басталады.

Толығырақ hyundai.kz сайтында немесе байланыс орталығының 7007 телефоны арқылы білуге болады.